«Жеңіл Ақша» МҚҰ» ЖШС-нің қарыз алушысының микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін өтеу ережелері

1. Кредит бойынша мерзімнің өтуі орын алған жағдайда қарыз алушы МҚҰ-ға 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде (мерзім өту басталған күннен бастап) табысының төмендеу себебін міндетті түрде көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса тіркеп, микрокредит беру шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.

Қарыз алушының мерзімі өткен берешегін реттеуге бірізді көзқарасты айқындау мақсатында микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге қарыз алушы құқылы болатын негізгі жағдайлар төмендегідей айқындалды:

1) қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2) қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, яғни ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік осал топқа (СУСН) жатқызылуы, сондай-ақ бірге тұратын жақын туысқанының, жұбайының (зайыбының) СУСН мәртебесін алуы, бұл жағдай орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен жағдайда;

3) ауруына байланысты қарыз алушының уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);

4) қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;

5) қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақырылуы;

6) қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) әлеуметтік мәні бар аурулары немесе қайтыс болуы сияқты отбасылық жағдайлар;

7) қарыз алушыға материалдық залал келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.).

Бұл тізбе толық болып табылмайды және қарыз алушының қолданыстағы шарт талаптарымен міндеттемелерді орындауына әсер еткен жағдайларға байланысты толықтырылуы мүмкін.

Қарыз алушы МҚҰ-ға өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты, сондай-ақ табыстың төмендеуін немесе болмауын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Шарт талаптарын өзгерту туралы өтініште төмендегідей ұсыныстар көрсетілуі мүмкін:

 шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

 негізгі борыш пен/немесе сыйақыны өтеу бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;

 берешекті өтеу әдісін немесе кезектілігін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеу;

 микрокредит мерзімін өзгерту;

 мерзімі өткен негізгі борыш пен/немесе сыйақыны кешіру, айыппұлды (штраф, өсімпұл) жою.

2. МҚҰ өтінішті қарайды және 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны мынадай шешімдердің бірі туралы хабардар етеді:

 ұсынылған шарт өзгерістеріне келісу;

 микрокредит беру шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беру;

 шарт талаптарын өзгертуге дәлелді бас тарту.

  1. МҚҰ шартты өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жолдаған жағдайда, қарыз алушының жауап беру мерзімі МҚҰ хатын алған күннен бастап кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.

4. Қарыз алушы МҚҰ шешімін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде немесе өзара қолайлы шешімге келмеген жағдайда уәкілетті органға жүгінуге құқылы, бұл туралы МҚҰ-ны бір мезгілде хабардар етеді.

Мерзімі өткен берешек пен шарт талаптарын өзгерту мәселелері бойынша байланыс:

Телефон: +7 707 106 57 71

Электрондық пошта: nomadcreditservice@mail.ru

Осы Ережелердің орындалуына жауапты тұлға:

  1. Асман Аймауыт, тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің менеджері

тел.: +7 708 986 97 96

Электрондық пошта: nomadcreditservice@mail.ru